2024 Париж Олимпиадасы

Әлем чемпионын жеңген Демеу Жадыраев Олимпиаданың жартылай финалына өтті

Әлем чемпионын жеңген Демеу Жадыраев Олимпиаданың жартылай финалына өтті
Сурет: Тұрар Қазанғапов

Грек-рим стилінде күресетін қазақстандық балуан Демеу Жадыраев Олимпиадада екінші белдесуін өткізді. 

77 келідегі ширек финалда Демеу екі рет әлем чемпионы атанған және Токио Олимпиадасының жүлдегері қырғызстандық Акжол Махмудовпен белдесті.

Махмудов алдымен балл, артынша тағы алты ұпай алды. Алайда челендж қарап шыққанан кейін оның алты ұпайын алып тастады. Осыдан кейін Жадраев бір ұпай алды, ал Махмудовты партерге қойды. Демеу осы кезде әдіс жасап, тағы екі ұпай алды, сонымен - 3:1 есебімен жеңді.

Осылайша, қазақ балуаны жартылай финалға өтті.

Басқа спорттық жаңалықтар