Теннис
Жібек Құламбаева Үндістандағы жарысты сәтті бастады
Қазақстандық Жібек Құламбаева Мумбай (Үндістан) ITF турнирін жеңіспен бастады.
Әлемнің 469-ракеткасы Ж.Құламбаева бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 923-орында тұрған үндістандық Вайшанави Адкармен өткізді.
Бірінші партияда корт иесі 6:4 есебімен басым түсті.
Дегенмен бұдан кейін Жібек ойын тізгінін өз қолына алды — 7:5, 6:3.
Жібек Құламбаеваның екінші айналымдағы қарсыласы кейін анықталады.
Кеше қазақстандық теннисші жұптық сында литвалық Юстина Микулскитемен бірге жергілікті спортшылар Шривалли Бамидипати — Вайдехи Чаудариге есе жіберген еді: 6:7 (5:7), 2:6.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннис федерациясы вице-президентінің Азия ашық чемпионатын ұйымдастырғысы келетінін жазған едік.
Дереккөз: kaz.inform