2024 Париж Олимпиадасы
Олимпиадада Қазақстан туын ұстап шыққан атлет жарыс жолынан шықты
Sport Plus Qazaqstan
Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Сафронова Париж Олимпиадасында 200 метрге жүгіруден жұбаныш айналымында сынға түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Сафронова 200 метрге жүгіруден жартылай финал жолдамасына таласқан болатын.
Оған жартылай финалға шығу үшін өз тобында бірінші орын алуы керек-тін немесе өз тобында бірінші орын алған спортшылар арасында үздік нәтиже көрсетуі тиіс еді.
Алайда, Ольга Сафронова өз тобында алтыншы орын алып, Париж ойындарын аяқтады.