2024 Париж Олимпиадасы

Олтимпиададағы қазақстандық таеквондошылардың қарсыластары белгілі

Олтимпиададағы қазақстандық таеквондошылардың қарсыластары белгілі
Фото ©️ Shamken Baiyrbe

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарындағықазақстандық таеквондошыларының алғашқы қарсыласы белгілі болды.

58 келі салмақта Самирхон Абабакиров алғашқы айналымда Вито Делль'аквиламен (Италия) жекпе-жекке шығады. Самирхон – G1 турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, Қазақстан Кубогы мен VI жазғы Спартакиаданың жеңімпазы. Жеке бапкері – Нұрсұлтан Мамаев. Вито – осы салмақта Токио Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионатының жеңімпазы және қола жүлдегері, Еуропа чемпионы, Гран-при турнирлерінің чемпионы.

80 келі салмақта Батырхан Төлеуғали Мали спортшысы Исмаэль Кулибалимен айқасады. Малилік таекфондошы әлем чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері.

Айта кетсек, Батырхан Төлеуғали Қазақстаннан Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алған ең жас спортшының бірі. Ол биыл 18 жасқа енді толып отыр.

Басқа спорттық жаңалықтар