Қазақстан футбол Премьер-лигасы

Қазақстан суперкубогының сыйақы қоры анықталды

Қазақстан суперкубогының сыйақы қоры анықталды

Футболдан Қазақстан суперкубогының сыйақы қорының сомасы белгілі болды.

Бұл атаққа қазіргі ел чемпионы «Ордабасы» (Шымкент) мен Қазақстан кубогының иесі «Тобыл» (Қостанай) таласады.

Серый CARDINAL телеграм-арнасының мәліметінше, матч жеңімпазы 25 миллион теңге алса, финалист 15 миллионға иелік етеді.

Осылайша, Қазақстан суперкубогының сыйақы қоры 40 миллион теңгеге тең.

Айта кетейік, «Ордабасы» биылғы маусымда тұңғыш рет ҚПЛ-да алтын медаль алды.

Басқа спорттық жаңалықтар