Теннис

Қазақстанда алғаш рет өтіп жатқан "Ролан Гарросқа" іріктеудің екінші жарыс күні басталды

Қазақстанда алғаш рет өтіп жатқан
OPPO

Бүгін, 6 тамызда Алматының Gorky Tennis Park орталығында 2025 жылғы жастар арасында "Ролан Гаррос" турнирінің негізгі жарысына жолдама үшін сайыстың екінші күні басталды.


Кеше Батыс және Орта Азия елдері үшін Алматыда өтіп жатқан іріктеудің алғашқы жарыс күні 16 матч өтті. Оның қортындысымен мына сілтеме арқылы өтіп таныса аласыз. 


Ал бүгінгі жарыс кестесі төмендегідей:

Еске салайық, бұл турнирге Өзбекстан, Иран, Қырғыстан, Иордания, Ливан, Түркменстаннан келген және қазақстандық 17 жасқа дейінгі спортшылар қатысуда. Әрбір ойыншы жеткілікті матч санына жету үшін айналмалы және "олимпиадалық" аталып кеткен ойын форматы қарастырылған екен.

Ал жас теннисшілердің әрқайсы жеңіп шыққан матч үшін ATF турының ұпайларын еншілейді. Сонымен қоса, жақсы ойын көрсеткен теннисшілерге гранттар беріледі.

Басқа спорттық жаңалықтар