2024 Париж Олимпиадасы

Әлімхан Сыздықов Олимпиададағы екінші белдесуінде жеңілді

Әлімхан Сыздықов Олимпиададағы екінші белдесуінде жеңілді
Сурет: Сали Сабиров

Грек-рим стилінде күресетін қазақстандық балуан Әлімхан Сыздықов Олимпиадада екінші белдесуін өткізді.

130 келіге дейінгі салмақтағы 1/4 финалда Әлімхан әзірбайжандық Сабах Шариатимен күресті. Бұл белдесуде Шариати 4:0 есебімен жеңіске жетті. Осылай, ол жартылай финалға өтті, ал қазақстандық балуан жарысты аяқтады.

Бұған дейін Әлімхан 1/8 финалда 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері және Еуропа чемпионы, румыниялық Алин Алексус Чурариуды жы,ып сенсация жасаған еді. 

Басқа спорттық жаңалықтар