2024 Париж Олимпиадасы

Айдос Сұлтанғали Олимпиадада қырғыздың атақты Жоламанынан жеңілді

Айдос Сұлтанғали Олимпиадада қырғыздың атақты Жоламанынан жеңілді
Сурет: Сали Сабиров

Грек-рим стилінде белдесетін қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали Париж Олимпиадасында бірінші кездесуін өткізді.

60 келі салмақатың 1/8 финал кезеңінде Айдос қырғызстандық Жоламан Шаршенбековпен белдесті.

Атақты қырғыз балуаны екі әлем чемпионатында жеңіске жеткен, әлем Кубогін иеленген және Азияда алтынын алған, сонымен қоса, Азия біріншілігінің үш алтын қанжығасына байлаған.

Бұл белдесуде 6:3 есебімен қырғыз балуаны жеңіске жетті. Бастапқыда Айдос 3:2 есебімен алда келе жатқан еді.

Біріккен күрес әлемі (UWW) рейтингінде Шаршенбеков бірінші орында, ал Айдос Сұлтанғали тек 66-сатыда.

Басқа спорттық жаңалықтар