2024 Париж Олимпиадасы

Қрығыз боксшы тарихта алғашқы Олимпиада жүлдесін жеңіп алды

Қрығыз боксшы тарихта алғашқы Олимпиада жүлдесін жеңіп алды
instagram.com/olympic.kg

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қырғызстандық боксшы Мұнарбек Сейітбекұлы Париждегі Олимпиада ойындарының жартылай финалына өтті.

Бұл Қырғызстан тарихында тұңғыш рет орын алып отырған тарихи сәт болды. 57 келі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалдық кездесуде қырғыз боксшы 2021 жылғы әлем чемпионы және 2023 жылғы Панамерикан ойындарының чемпионы Джамал Харвимен жұдырықтасып, қарсыласынан айласын асырды.

Осылайша, Мұнарбек Сейітбекұлы Олимпиаданың жартылай финалына шығып отыр. Оның қоржынында қазір кем дегенде қола медаль бар. Осыған дейін қырғыз боксшылары Олимпиада тарихында жүлделі орындардан көрініп көрмеген.

Басқа спорттық жаңалықтар