Теннис

ATP жаңартылған рейтингінде Кукшкин үзді жүздікке жақындады

ATP жаңартылған рейтингінде Кукшкин үзді жүздікке жақындады
ҚТФ

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 25-орнында қалса, Александр Шевченко 56-дан 58-ге сырғыды.

Өткен аптада Порту (Португалия) челленджер турнирінің жартылай финалына дейін жеткен Михаил Кукушкин 134-тен 121-ге көтеріліп, ТОП-100-ге жақындап келеді. Ол 2015 жылы әлемнің 46-ракеткасы атанған болатын.

Денис Евсеев 166-дан 181-ге, Дмитрий Попко 185-тен 187-ге, Тимофей Скатов 189-дан 191-ге төмендеді.

Әлемдік рейтингідегі үздік үштікте өзгеріс жоқ, италиялық Янник Синнер көш бастаса, сербиялық Новак Джокович екінші, испаниялық Карлос Алькарас үшінші сатыда.

Жұптық сында қазақстандық Александр Недовесов 54-тен 59-ға, А.Бублик 130-дан 133-ке түсіп қалса, Андрей Голубев 148-орнында тұр.

Басқа спорттық жаңалықтар