Шахмат

Қазақстандық 15 жастағы шахматшы әлемнің вице-чемпионымен тең түсті

Қазақстандық 15 жастағы шахматшы әлемнің вице-чемпионымен тең түсті
life09.kz

15 жастағы қазақстандық шахматшы Ернұр Амангелді Өзбекстанның Самарқан қаласында өтіп жатқан рапидтен әлем чемпионатының екінші турында ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящиймен ойнады.

Бұл матчте қазақстандық жас шахматшы әлемнің вице-чемпионымен тең түсті.

Айта кетейік, биыл сәуірде Ян Непомнящий Астанада өткен турнирде қытайлық Дин Лижэньмен әлем чемпионы атағы үшін ойнағна болатын. 14 партиядан кейін тай-брейкте қытайлық шахматшы жеңіске жеткен еді. 

Басқа спорттық жаңалықтар