Футбол

Роналду мен Мане Бенземаның команадсын ойсырата ұтты

Роналду мен Мане Бенземаның команадсын ойсырата ұтты
Twitter

"Әл-Наср" Сауд Арабиясы чемпионатының 17-турында сырт алаңда "Әл-Иттихадты" ойсырата ұтты (5:2). 

Алаң қонақтары сапында Криштиану Роналду (19-минут және 68-минут пенальти) мен Садио Мане (75 және 82) дубльден жасады, тағы бір голды Андерсон Талиска салды (38).

Алаң қожайындарынан Абдерразак Хамдалла (14 және 51-минутт) дубль авторы атанды. Бірінші голда оған Карим Бензема ассист жасады. Ал 66-минутта Фабиньо алаңнан қуылып, ары қарай "Әл-Иттихад" азшылықта ойнады.

Осы жеңіс арқасында "Әл-Наср" 43 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға нық отыр, ал "Әл-Иттихад" 28 ұпаймен алтыншы орында.

Басқа спорттық жаңалықтар