Футбол

"Ордабасы" сенегалдық ойыншыға қатысты қауесетке нүкте қойды

Биыл алғаш рет Қазақстан чемпионы атанған шымкенттік "Ордабасы" сенегалдық футболшы Мамаду Мбодждың командадан кететіні туралы қауесетке нүкте қойды. 


"Ордабасы" футбол клубы БАҚ беттерінде жарияланған Мамаду Мбодждың командадан кетуі туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Клуб басшылығы мен бапкерлер штабы Мамаду Мбоджды команданың негізгі футболшысының бірі ретінде көреді және оның ойынына көңілі толады", - делінген клубтың баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 


Осы жағдайға байланысты "Ордабасы" баспасөз қызметі тек клубтың ресми дереккөздеріне сенуді сұрайды. 

Басқа спорттық жаңалықтар