2024 Париж Олимпиадасы

Жалғыз боксшы. Нұрбек Оралбай Париж оцындарының финалына өтті

Жалғыз боксшы. Нұрбек Оралбай Париж оцындарының финалына өтті
Сурет: Владислав Семенов

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының финалына өтті. Отандасымыз жартылай финалда Доминикан Республикасының өкілі Кристиан Хавьер Пиналестен айласын асырды.

80 келіге дейінгі салмақта өткен жекпе-жекте отандасымыз шабуылда ширақ, қорғаныста мығым жұдырықтасты. Қарсыласына соққыларын дәл тигізіп, өз мүмкіндігін ұтымды пайдалана білді.

Осылайша төрешілердің 3:2 шешімімен отандасымыз финалға жолдама алды.

"Қолдаған қазақ еліне алғысымды айтамын. Мұнымен тоқтамаймыз. Алда финал. Ағайлардың айтуымен, тактикасымен бәрі ойдағыдай өтті. Қарсыласым осал болған жоқ", - деді жекпе-жек соңынан Нұрбек.

Басқа спорттық жаңалықтар