Футбол

Словениялық клуб Қазақстан құрамасының ойыншысымен келісімшартты бұзды

Словениялық клуб Қазақстан құрамасының ойыншысымен келісімшартты бұзды
kazfootball.kz

Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Рамазан Оразов словениялық "Копер" клубынан кететін болды. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлап отыр. 

Клуб басшылығының қазақстандық жартылай қорғаушының ойынына көңілі толмайды екен. Осы себепті тараптар келісімшартты бұзатын болып шешті. 

"25 жастағы Оразов жазда қазақстандық "Тобыл“ сапынан "Коперге“ ауысқан болатын. Команда құрамында 12 матчте бір гол соқты. "Копер“ Оразовтың клубта ең жоғары еңбекақы алатын футболшылар қатарынан болғанымен, ойыны оған лайықты болмай отыр деп отыр. "Осыған байланысты екі жақты келісімді мерзімінен бұрын бұзу туралы шешім қабылданды, - деп жазды FootballPlanet.

Айта кетейік, Оразовтың словениялық клубпен келісімшарты келесі маусым соңына дейін жасалған. 

Басқа спорттық жаңалықтар