Футбол

Сіз күткен рейтинг: «Футбол әлеміндегі қалтасы қалың 10 жұп»

Сіз күткен рейтинг: «Футбол әлеміндегі қалтасы қалың 10 жұп»

Қазір әлемдегі ең танымал әрі ауқатты адамдар тек кәсіпкерлер емес. Заман өзгерді. Бүгінде нарықтық заман. Жан жақты билеген жарнамалар мен маркетинг. Әртістер мен спортшылар үлкен сұранысқа ие. Соның салдарынан, қазір жер жаһандағы ең танымал әрі бай адамдардың қатарында жоғарыда айтылған екі саланың адамдары кіреді. Жақында Gambling Zone басылымы футбол әлеміндегі қалтасы қалың 10 жұптың тізімін жариялады.

Басылым жариялаған тізімде Дэвид және Виктория Бекхэм көш бастап тұр. Бэкхемдер отбасы футбол әлеміндегі ең бай жұп атанып отыр.

Экс-футболшы, ал қазір «Интер Майами» клубының иесі және Spice Girls тобының бұрынғы мүшесінен құралған жұп 412,1 миллион фунт стерлинг қаражатқа иелік етеді.

Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес 410,5 миллион фунт стерлингпен екінші орында. Үздік үштікті Лео Месси мен оның әйелі Антонелла Рокуццо 182 миллион фунтпен түйіндейді.

Футбол әлеміндегі ең бай 10 жұптың тізімі төмендегідей:

1) Дэвид және Виктория Бекхэм : £412,1 млн.

2) Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес : £410,5 млн.

3) Лео Месси мен Антонела Рокуццо : £182 млн.

4) Уэйн және Колин Рунилер : £181,2 млн.

5) Серхио Рамос пен Пилар Рубио : £120,2 млн.

6) Роберт Левандовски және Анна Левандовски : £104,2 млн.

7) Бастиан Швайнштайгер мен Ана Иванович : £84,9 млн.

8) Марио, Анн-Катрин Гоцелер : £68,1 млн.

9) Томас және Лиза Мюллер : £44,1 млн.

10) Рахим Стерлинг пен Пейдж Милиан : £36,8 млн.


Дереккөз: el.kz

Басқа спорттық жаңалықтар