Спорт

31 желтоқсанда Астанада жүгіруден жарыс өтеді

31 желтоқсанда Астанада жүгіруден жарыс өтеді

Жаңа жыл түнінде Астанада жүгіруден жаппай жарыс өтеді. Қатысушылар 2024 метр қашықтықты еңсеруді жоспарлап отыр.

Жарыс 31 желтоқсанда ботаникалық бақтан (Түркістан көшесі мен Орынбор көшесінің қиылысы) басталып, ЭКСПО-дағы бас шыршаның аумағында аяқталады. Басталуы – 21:00-де. Ал 2023 жылдың 31 желтоқсанында сағат 20:30-да жарысқа қатысушыларға пакет беріледі.

Жарыс алдында фитнес жаттықтырушылармен денеін қыздыру мақсатында жаттығулар, түрлі бағдарламалар болады.

Қатысушылар арасында жаңа жылдық лотереяда жүлделер ойнатылады. Барлық қатысушы медальдармен марапатталады.

Спорттық іс-шараға қатысуға ниет білдірушілер шақырылады. Негізгі қашықтық 2024 метрді құрайды.

Жарыс аяқталғаннан кейін бас шырша маңында концерттік бағдарлама, лотерея және қатысушыларды марапаттау рәсімі өтеді.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар