UFC

Асу Алмабаевқа соғыс ашылды

Асу Алмабаевқа соғыс ашылды

UFC промоушеніндегі аса жеңіл салмақ дивизионындағы америкалық файтер Си-Джей Вергара өзінің алдағы жекпе-жектегі қарсыласы қазақстандық Асу Алмабаевқа әлеуметтік желіде қыр көрсетті.

Аса жеңіл салмақта өнер көрсететін файтерлер арасындағы кездесу 9 наурыз күні UFC 299 турнирінің аясында Майамиде өтеді. Си-Джей Вергара өзінің Instagram-дағы парақшасына кездесудің афишасын салып, посттың астына "Соғыс ашылды, кел де жең", – деп пікір қалдырған.


Еске салайық, Асу Алмабаевтың UFC промоушеніндегі екінші жекпе-жегі Си-Джей Вергараға қарсы өтеді. Қазақстандық файтер аталмыш лигада 5 тамыз күні дебют жасады. Алғашқы кездесуі ямайкалық спортшы Оди Осборнды уақытынан бұрын жеңген еді.

Басқа спорттық жаңалықтар