Бокс

Айтжанов ауыр салмақтағы Қоңқабаев пен Джалоловтың текетіресіне қатысты ойын айтты

Айтжанов ауыр салмақтағы Қоңқабаев пен Джалоловтың текетіресіне қатысты ойын айтты
Sports.uz/Jaloliddin Qobiljonov

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов ауыр салмақтағы боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен өзбекстандық Баходир Джалоловтың текетіресіне қатысты ойын айтты.

Қоңқабаев Париждегі Олимпиадаға жолдама жеңіп алды, енді боксшылар Франция астанасында тағы бір мәрте айқасады. Осыған орай бас бапкер ақзақсатндық боксшыда Баходирді жеңуге әлі де мүмкіндігі бар деген ойда. 

- Қамшыбек Азиададағы Джалоловпен өткен жекпе-жекке көңілі толатынын айтты. Чемпион болмаса да, лицензия жеңіп алды. Ол Баходирді жеңудің жолын тапқандай болды ма? - Олай деуге де болатын шығар. Қамшыбек - ауыр салмақта әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі. Баходир да мұны біледі және оны қарсылас ретінде құрметтейді. Шынын айтқанда Баходир көптеген боксшыны сезбейді де, ал Қамшыбекпен қыиындықтарға ұшырайды. Олар бір-бірін жақсы біледі. Қамшыбек Олимпиадаға мақсат қойып отыр. Париждегі ринг көрсетеді", - дейді Айтжанов QAZAQ RING YouTube арнасына берген сұхбатында.

Басқа спорттық жаңалықтар