ММА

Эр-Риядтағы жекпе-жек ойындарында еліміз қазақша күрестен бірінші болды

Эр-Риядтағы жекпе-жек ойындарында еліміз қазақша күрестен бірінші болды

Сауд Арабиясы астанасы Эр-Риядта өтіп жатқан V Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарында қазақша күрестен белдесулер өтті. 


Бұл белдесулерде қазақстандық балуандар үш алтын, бір күміс және бір қола жүлдені жеңіп алды. Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бірінші болды. 


Айта кетейік, қазақ күресі биыл Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының бағдарламасына алғаш рет кірді. Жарыстың бұл түрінен әлемнің 14 елінен 40 балуан қатысуда. 

Басқа спорттық жаңалықтар