Жеңіл атлетика
Астанада 31 желтоқсан жүгіруден қысқы жарыс өтеді
Elorda.info
Жаңа жыл түнінде Астанада жүгіруден жаппай жарыс өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қысқы жүгіруге қатысушылар 2 024 метр қашықтыққа жүгірмек.
31 желтоқсанға белгіленген жарыс жолы ботаникалық бақтан (Түркістан көшесі мен Орынбор көшесінің қиылысы) басталып, ЭКСПО-дағы бас шыршаның аумағында аяқталады.
Жаңа жылдық марафон 21:00-де басталады.