Бокс

Бокстан қазақстанның жастар құрамасы халықаралық жарыста екінші болды

Бокстан қазақстанның жастар құрамасы халықаралық жарыста екінші болды
olympic.kz

Әзірбайжан астанасы Бакуде жергілікті боксшы Аббас Агаларовты еске алуға арналған жастар арасындағы халықаралық турнир өтті. 

Бұл жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан 16 жүлдемен (4 алтын, 5 күміс, 7 қола) жалпы командалық есепте екінші болды. Бірінші орында ринг қожайындары - Әзірбайжан 22 жүлде (5-4-13).

Турнирге Әзірбайжан, Ресей, Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстан, Сауд Арабиясы мен Еуропалық бокс конфедерациясынан (EUBC) 97 боксшы қатысты.

Жүлделік есепте алдыңғы бестік мынадай:

1. Әзірбайжан - 22 (5-4-13)

2. Қазақстан - 16 (4-5-7)

3. Тәжікстан - 4 (2-1-1)

4. Өзбекстан -5 (1-2-2)

5. Ресей - 3 (1-1-1).


Басқа спорттық жаңалықтар