Допты хоккей

Қазақстандық команда допты хоккейден ресейлік қарсыласын ойсырата ұтты

Қазақстандық команда допты хоккейден ресейлік қарсыласын ойсырата ұтты
sc_akzhayik_07

Ресейде өтіп жатқан допты хоккейден жоғары лигадағы командалар арасындағы турнирде оралдық "Ақжайық" орынборлық "Локомотив" командасымен қарымта матч өткізді. 

Бұл ойында да Николай Шавалдин шәкірттері қарсыластарын ойсырата ұтты - 10:2.

«Ақжайықтың» сұрмергені, ресейлік Михаил Пахомов қатарынан екінші матчте бес гол салып отыр. Сондай-ақ, бұл ойында команда капитаны Максим Өтебалиев төрт рет ерекшеленді және тағы бір голды ресейлік Артем Лапшин соғып отыр.

Төрт ойында 12 ұпай жинаған "Ақжайық" келесі матчін 6-7 қаңтар сырт айдында «Знамя-Удмуртия» командасына қарсы өткізеді.

Басқа спорттық жаңалықтар