ММА

"Қазақ Терминаторы" Мұратбек Қасымбайдың жекпе-жегін қайдан көруге болады

26 желтоқсанда "Лужники" (Мәскеу) стадионында өтетін, "Наше Дело" 81 жекпе-жек лигасы кешінің басты қарсыластығында, ресейлік чемпион Александр Грозин (23-4-1) және аралас жекпе-жектен "Қазақ Терминаторы" лақап атына ие қазақстандық жауынгер Мұратбек Қасымбай (12-4) кездеседі, деп хабарлайды Bigsport.kz.

26 жастағы "Уральский Гангстер" атымен танымал Александр Грозин, осы жылдың 1 қыркүйегінде өткен "Наше Дело" жұлдызды Халықаралық Гран-приінің финалында Қазақстандық UFC проспектіне үміткер Магомед "MVP" Кабардиевтен асып түсті. Жекпе-жек үш раундтан тұрған бүкіл қашықтыққа созылды және Грозиннің бірауыздан жеңісімен аяқталды.

Қасымбайдың соңғы жекпе-жегі Алматыда Nomad FC промоушені аясында өтті. Онда қазақстандық сардардың қарсыласы бірінші раундта нокаутқа түскен ресейлік Никита Солонин болды. Сондай-ақ, "Наше Дело" промоушенінің соңғы жекпе-жегінде қазақстандық Аловсет Мамиевті де жеңген.

Турнирдің тікелей эфирі Астана уақыты бойынша сағат 00:00-де басталып Rutube Спорт сайтында көрсетіледі.

Басқа спорттық жаңалықтар