Қазақстан футбол Премьер-лигасы

«Ақтөбе» футболшысы үйленді

«Ақтөбе» футболшысы үйленді

«Ақтөбенің» аргентиналық жартылай қорғаушысы Леонель Струмия үйлену тойын жасады.

Ол отандасы Луз Ортиспен шаңырақ көтерді. 31 жастағы Струмия ақтөбеліктер сапын жыл басында толықтырды. Ол барлық турнирде 30 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.

Бұған дейін «Ақтөбенің» бұл ойыншымен келісімшартты ұзартатыны туралы хабарланған.

Струмия мұның алдында «Лиепая», РФШ және «Атлетико Алумни» клубтарында ойнаған.


Басқа спорттық жаңалықтар