Қазақстан футбол Премьер-лигасы

«Ордабасы» мен «Шахтер» ҚПЛ-ден шығарылуы мүмкін

«Ордабасы» мен «Шахтер» ҚПЛ-ден шығарылуы мүмкін

Қазақстан футбол федерациясы 2024 жылғы Премьер-лига талаптарына сай келмейтін командалардың тізімін анықтады деп Федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазіргі таңда ҚПЛ-де ойнап жүрген бес клубтың қаржылық немесе инфрақұрылымдық критерилер бойынша сәйкес келмейтіні белгілі болып отыр.

Олардың қатарында «Жеңіс», «Жетісу», «Шахтер», «Мақтаарал» және «Ордабасы» бар.

Егер аталған командалар белгілі бір уақытта Лицензиялау комиссиясының талаптарын орындамаса, онда оларға келер жылы ҚПЛ-де ойнауға лицензия берілмейді.

Лицензиялау мерзімі 2024 жылдың ақпан айында аяқталады.


Дереккөз: kff.kz


Басқа спорттық жаңалықтар