Футбол

«Манчестер Юнайтед» 1930 жылдан бергі ең жаман көрсеткішке түсіп қалды

«Манчестер Юнайтед» 1930 жылдан бергі ең жаман көрсеткішке түсіп қалды
Global Look Press

«Манчестер Юнайтед» биылғы турнирлердің барлығындағы 26 матчтің он үшінде ұтылды. Елдегі Рождества мерекесіне дейін команда мұнан артық тек 1930/1931 (16 рет) маусымында ұтылыпты. Ол кезде «МЮ» Англия чемпионатында соңғы 22-орында болған екен.

Қазіргі таңда 18 тур қорытындысы бойынша «Манчестер Юнайтед» 28 ұпаймен АПЛ-дің турнир кестесінде сегізінші келеді. Кейінгі бес матчте команда бір рет қана ұтып, үш рет ұтылды және біреуінде тең түсті.

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде де «Манчестер Юнайтед» соңғы болып, келесі турға өте алмады.

Басқа спорттық жаңалықтар