Футбол

Салдары ауыр. Алжирде футболшылар мінген автобус аударылған

Салдары ауыр. Алжирде футболшылар мінген автобус аударылған
AP Photo / Amr Nabil

Алжирдің солтүстігіндегі "Эл-Байда" клубының футболшылары мінген автобус аударылды, деп хабарлайды euro-football.ru.

Мәлімет бойынша, клуб "Кабилия" командасымен матчке аттанған болатын. Алайда жолда қайғылы оқиға болып, жол апаты салдарынна клуб қақпашысы мен бапкер көмекшісі қаза тапты. Тағы сегіз адам жарақат алған екен.

Бұл жағдайға байланысты Алжирдің футбол федерациясы келесі тур матчтерін шегеріп отыр.

Айта кетейік, футболдан Алжир чемпионаты 1962 жылдан бастау алып, қазіргі таңда елдің жоғары лигасында 16 команда өнер көрсетеді.

Басқа спорттық жаңалықтар