2024 Париж Олимпиадасы

Қазақстанның олимпиадалық комитеті Париждегі бокс төрешішеріне шағымданды

Қазақстанның олимпиадалық комитеті Париждегі бокс төрешішеріне шағымданды
Сурет: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитеті Париж Олимпиадасындағы бокстан қазылыққа ресми шағым түсірді.

"Қазақстанның ҰОК қазақстандық боксшылардың жекпе-жектеріне қазылық еткен кейбір төрешілер күдік тудырғанына қатысты PBU (Paris boxing Unit) ұйымынан бұрмалау болғаннына назар аударуын сұрады. Олимпиадада бокс турнирін ұйымдастуршылар ескертулерді назарға алып, жағдайдың мән-жайын анықтауға уәде берді. Аталған төрешілерге қатысты тексеріс басталды.

Дегенмен атап өту керек, аталған процедура жекпе-жек қорытындысына еш әсер етпейді. Регламентке сәйкес, өткен жекпе-жектердің нәтижесі қайта қаралмайды. Ал төрешілер жұмысынан қателік анықталса, олар жарыстан шеттеледі", - делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Басқа спорттық жаңалықтар