2024 Париж Олимпиадасы

Қазақстандық жеңіл атлеттер Олимпиаданың іріктеу сайысынан аса аламады

Қазақстандық жеңіл атлеттер Олимпиаданың іріктеу сайысынан аса аламады
Olympic.kz

Қазақстандық жеңіл атлеттер Елизавета Матвеева мен Надежда Дубовицкая Олимпиада ойындарын аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Олар биіктікке секіруден іріктеу сынына қатысқан болатын. Финалға өту үшін оларға алғашқы 12 спортшының қатарынан көріну керек болды (197 сантиметрді бағындыру немесе одан да жоғары орыннан көріну).

Дубовицкая 183 сантиметрге секірді (ол 188 сантиметрді бағындыраа алмады).

Матвеева 188 сантиметрді бағындырған, алайда, үш мүмкіндігінде де 192 сантиметрді еңсере алмады.

Іріктеу қорытындысы бойыншаа Надежда Дубовицкая 28, Елизавета Матвеева 19-орында. Олар финалға жолдама алған 12 спортшының қатарына қосыла алмады.

Басқа спорттық жаңалықтар