2024 Париж Олимпиадасы

Кәмила Берліқаш Олимпиададағы бірінші белдесуінде жеңілді

Кәмила Берліқаш Олимпиададағы бірінші белдесуінде жеңілді
t.me/kazjudoteam

Қазақстандық дзюдошы қыз Кәмила Берліқаш Париждегі Олимпиада ойындарын ерте аяқтады. Ол бірінші белдесуінде моңғол қызына есе жіберді.

78 келіден жоғары салмақта өткен белдесуде Кәмила Адиясурен Амарсайханға шидо саны бойынша жол берді. Осылайша Олимпиада ойындарын жекелей сында аяқтады.

Айта кетейік, осыған дейін қазақ дзюдошылары 1 алтын, 1 қола медаль жеңіп алған болатын. Ертең құрама командалық сында бақ сынайды.

Басқа спорттық жаңалықтар