2024 Париж Олимпиадасы

Қазақстандық жүзуші Олимпиаданы аяқтады

Қазақстандық жүзуші Олимпиаданы аяқтады
Владислав Семенов / ҚР ҰОК

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жүзуден Қазақстан командасының мүшесі Әділбек Мусин Париж Олимпиадасының жартылай финалына өте алмады.

100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден сынға түскен отандасымыз өз тобында бесінші орын алса, жалпы есепте 29-сатыдан көрінді. Ал жартылай финалға жарыс ережесіне сәйкес алғашқы 16 спортшы ғана өтеді.

Айта кетелік, бұл Әділбек Мусиннің соңғы жарыс күні. Осымен қазақстандық атлет Олимпиада ойындарын аяқтады.

Басқа спорттық жаңалықтар