2024 Париж Олимпиадасы

Бақыт Сәрсекбаев бокстан Қазақстан құрамасы мен бас бапкерін сынға алды

Бақыт Сәрсекбаев бокстан Қазақстан құрамасы мен бас бапкерін сынға алды

Бокстан Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Париж Олимпиадасына қатысып жатқан қазақ боксшылары мен бас жаттықтырушысын сынға алды. Ол көңілі толмайтынын facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Жігіттердің физикасы өте нашар! Екінші раундта демалыстары қиындап, әрең жүр рингте. Ударлары аз. Комбинация ударов тіпті аз. 3 минутта қанша удар жаудыруға болады?! Физикасымен айналысуға арнайы шақыртылған кубалық маман қайда қарап жүр? Целая научная группа қайда? Неге біздің боксерлар демі жетіспей жүр? Үш раунд аяқта тұра алмайды. Не істеп жүрсіңдер шұбырып бәрің? Бірінші бойдан өте алмады деген не сұмдық??? Бір сұрақ: әрбір боксер лицензия алғаннан Олимпиадаға дейін неше бой өткізді? Практика бар ма? Мысалы, мен жарты жылда 22 бой өткіздім. Бас бапкерге айтатын сөзім жоқ тіпті...", - дейді боксшы.

Айта кетейік, Олимпиадаға аттанған 7 боксшының (ерлер) 5-і жарысты аяқтап үлгерді. Жүлдеге талас жолында Сәкен Бибосынов пен Нұрбек Оралбай ғана қалды.

Басқа спорттық жаңалықтар