ММА

Қазақстандық Резников АСА турнирінде оңбай таяқ жеді

Қазақстандық Резников АСА турнирінде оңбай таяқ жеді
Meta-ratings.kz

Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық файтер Артем Резников Мәскеуде өткен АСА Гран-приінің ширек финалында ресейлік Али Баговтан жеңіліп қалды.

Бұл жекпе-жек АСА 168 тунирінің басты айқасы болды. Төртінші раундта төрешіге Баговтың Резниковты сабауын тоқтатудан басқа амалы қалмады.

Осылайша, Резников карьерасында сегізінші рет жеңілді, сонымен қоса, ол 31 рет жеңіске жеткен. Багов болса 33-ші жеңісін атап өтті, ал карьреасында 11 мәрте жеңілген болатын.

Енді Гран-при жартылай финалында Багов бразилиялық Хердесон Батистамен айқасады.

Басқа спорттық жаңалықтар