Футбол

Роналду "Реал" жұлдызын саудияға ауысуға көндірді

Роналду
twitter.com/lukamodric10

"Реал" мен Хорватия құрамасының форварды Лука Модрич мадридтік клубпен келісімшарты аяқталғанда басқа командаға кетпек.

Todofichajes басылымының мәліметінше, саудиялық "Әл-Насрда" өнер көрсетіп жүрген португалиялық Криштиану Роналду 38 жастағы хорватиялықты Сауд Арабиясының футбол клубына ауысуға көндірген екен.

Тараптар алдын ала келісімшарт жасап та қойыпты. Алайда оның мән-жайы әзірге айтылмады. Белгілісі тек Модричтің жаңа клубта маусымына алатын еңбекақысы шамамен 30 миллион еуроны құрамақ.

Басқа спорттық жаңалықтар