Теннис

Қазақстандық екі теннисші Tennis Europe сериясында ең мықты шетелдік ойыншы атанды

Қазақстандық екі теннисші Tennis Europe сериясында ең мықты шетелдік ойыншы атанды
ҚТФ

Қазақстандық жас теннисшілер Даниел Тазабеков пен Ева Корышева Tennis Europe сериясында 2023 жылдың үздік шетелдік ойыншылары атағын иеленді, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы. 

Атап айтқанда қазақстандық спортшылар Теннис қауымдастығы (Tennis Europe Tour) «Жылдың үздік ойыншысы» (Еуропалық одақ елдерінен емес) сыйлығына ие болды.

14 жастаңы Корышева Tennis Europe рейтингінде жылды 18-орынмен қорытындылады. 24 рет ұтып, 5 мәрте ұтылған (83 пайыз) Ева рекордтық көрсеткішке жетті. Сондай-ақ, жұптық сында екі рет чемпион атанды.

16 жастағы Тазабеков Tennis Europe сериясында жеті турнирде жақсы өнер көресетіп, 20-орынға көтерілді. Оның рекорды 15 ұтыс және 7 жеңіліс (68 пайыз). Ал жұптық сында Даниел Испанияда өткен Apple Bowl және Италиядағы Толентино турнирінде (екеуі де бірінші санат) ожақсы нәтиже көрсетті.

Басқа спорттық жаңалықтар