2024 Париж Олимпиадасы

Париж Олимпиадасындағы қазақстандықтардың жарыс кестесі

Париж Олимпиадасындағы қазақстандықтардың жарыс кестесі
depositphotos.com/rarrarorro

Париждегі жазғы Олимпиада ойындары жалғасады. Бүгін отандастарымыз 8 спорт түрінен жарыс жолына шығады. Қазақстандықтар ойындарды Qazsport, Qazaqstan, "Хабар", "Ел Арна" және Jibek Joly арналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 қола медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль алды. Ал Олимпиаданың ең алғашқы жүлдесін мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле аралас жұптық сайыста жеңіп алған еді. Осылай Қазақстан жалпыкомандалық есепте 20-орында тұр.

• Стенд ату. Скит. Іріктеу. 12:30. Эдуард Ещенко

• Академиялық ескек есу. Е финалы (25-30-орын) 12:30. Владислав Яковлев

• Жеңіл атлетика. Биіктікке секіру. Іріктеу 13:15. Надежда Дубовицкая, Елизавета Матвеева

• Дзюдо. 1/16 финал (78+ кг) 13:45+. Камила Берліқаш – Адиясурен Амарсайхан

• Жүзу. 100 м баттерфляй әдісімен. Іріктеу 14:00. Әділбек Мусин • Семсерлесу. Командалық сын. 1/4 финал 16:30. Қазақстан – Венгрия Эльмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай

• Бокс. Ширек финал (80 кг) 20:22. Нұрбек Оралбай – Мурад Аллахвердиев 1/8 финал (57 кг) 23:32. Карина Ибрагимова – Ашлеян Лозада Мотта Ширек финал (51 кг) 00:20. Сәкен Бибосынов – Хасанбой Дусматов

• Батут. Іріктеу 21:00. Данил Мұсабаев

Басқа спорттық жаңалықтар