Футбол

Келісімшарты аяқталды. Абат Айымбетов шетелдік клубқа өтуі мүмкін

Келісімшарты аяқталды. Абат Айымбетов шетелдік клубқа өтуі мүмкін
kazfootball.kz

Қазақстан құрамасының форварды Абат Аймбетов "Астанадан" кетуі мүмкін.

28 жастағы шабуылшы клубпен келісімшарт мерзімін аяқталуы жақын. Абат карьерасын жалғастырудың түрлі нұсқаларын қарастырып жатқан көрінеді.

Осыған орай оған шетелдік клубтар, соның ішінде шабуылшы легионер болып саналмайтын Түркия клубтары қызығушылық танытып отыр. Бұған дейін Аймбетовке "Тобыл", "Ақтөбе" және "Ордабасы" секілді отандық клубтар ұсыныстарын білдірген болатын.

Өткен маусымда "Ақтөбе" футбол клубының  тәрбиеленушісі ҚПЛ-да 25 матч өткізіп, сегіз гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Сондай-ақ шабуылшының есебінде Еуро-2024 іріктеуінде Қазақстан құрамасының құрамында соққан үш гол және Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінде салған бір доп бар. 

Басқа спорттық жаңалықтар