2024 Париж Олимпиадасы

Ауыр салмақтағы қазақстандық дзюдошы Олимпиаданы ширек финалына жете алмады

Ауыр салмақтағы қазақстандық дзюдошы Олимпиаданы ширек финалына жете алмады
olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Нұрлыхан Шархан Париж Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады. Ол 1/8 финалда өзбек балуаны Музаффарбек Туробовқа жол берді.

Белдесу кезінде екі қарсылас бір-бірден вазари әдісін жасаған еді. Кейін өзбек балуаны тағы бір вазари жасап, иппонмен жеңіске жетті. Музаффарбек Туробов – 2022 жылғы әлем чемпионы.

Айта кетейік, Нұрлыхан бірінші белдесуінде екі дүркін Еуропа чемпионы Тома Никифоровты жарыс жолынан шығарған еді.

Басқа спорттық жаңалықтар