Қазақстандық жауынгер көз арбасу кезінде қарсыласымен төбелесе жаздады
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері (ММА) Артем Резников ACA 168 турнирі аясындағы кездесу алдында ресейлік Әли Баговпен текетіресіп қалды.
Қос спортшы 24 желтоқсанда Мәскеудің "ЦСКА Аренасында" кездеседі. Бұл жекпе-жек кештің басты кездесулерінің бірі болмақ.
Жекпе-жек алдында қарсыластар өзара көз арбасып, бір-біріне маңдайын тіреді. Осыдан соң Багов Резниковты итеріп жіберді. Бірақ оның арты төбелеске ұласуына жол берілмеді.
Бұған дейін қазақстандық пен ресейлік спортшы салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. Олардың жекпе-жегі жеңіл салмақта өтеді және Гран-при промоушеннің 1/4 финалы мәртебесіне ие болады.
ACA 168 турнирінің басты оқиғасы ресейліктер Устармагомед Гаджидаудов пен Альберт Туменов арасындағы белбеу үшін және жартылай орта салмақ дәрежесінде Гран-при финалына шығу үшін өтетін жекпе-жек болмақ.
Дереккөз: nur.kz