Футбол

Роналду әлі де әлемдегі ең мықты ойыншы - Кристоф Гальтье

Роналду әлі де әлемдегі ең мықты ойыншы - Кристоф Гальтье

Франциялық бапкер Кристоф Гальтье португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдуды әлі де әлемдегі ең мықты футболшы деп есептейді. Бұл туралы sports.ru порталы Goal.com басылымына сілтеме жасап хабарлап отыр. 


24 қазанда сапында Роналду өнер көрсететін "Әл-Наср" Гальтье жаттықтыратын "Әл-Духайльді" азиялық Чемпиондар лигасында 4:3 есебімен ұтты. Роналду бұл ойында  дубль жасады. 


"Роналдумен бетпе-бет келгенде амалың күрт азаяды. Ол тамаша екі гол салды. Оны суреттеуге сөзім жоқ. Оның жасап жүргені 38 жастағы адам үшін мүмкін емес. Ол әлі де әлемдегі ең мықты ойыншы", - дейді Гальтье. 


Еске салайық, Гальтье мұның алдында аргентиналық Лионель Месси ойнаған "ПСЖ" командасын жаттықтырды.

Басқа спорттық жаңалықтар