ММА

Есе қайтару да бар. Қазақтың "Терминаторы" ресейлік "Гангстермен" чемпиондық айқасқа шығады

Есе қайтару да бар. Қазақтың
dzen.ru

Ертең, 26 желтоқсан Мәскеудегі Самбоның халықаралық орталығында "Наше Дело" лигасының 81-турнирі өтеді. Бұл жекпе-жек кеші қазақстандық аралас жекпе-жек сүйер қауым үшін Мұратбек Қасымбайдың айқасымен қызық болмақ. 

Жеңіл және жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Мұратбек "Наше Дело" титулы үшін ұйым чемпионы ресейлік Александр Грозинмен жұдырықтасады. Сондықтан да бұл жекпе-жек турнирдің басты айқасы болады. Чемпиондықтан бөлек "Қазақстандық Терминатор" Грзиннен Тоbet Top Team-дегі командаласы Магомед Кабардиевтің жеңілісі үшін де есе қайтаруға тырысатындығымен көрермен назарын аударып отыр.

Оған қоса Мұратбектің жекпе-жектері спорт сүйер қауымға "Терминатордың" шегінуді білмейтіндігімен де ұнайды. Қазақстандық файтер сегіз бұрышта бәрін ұмытып, қан қызулықпен соңына дейін баратынын өзі де айтқан болатын.


Алайда Мұратбектің қарсыласы да чемпиондық атақты лотереядан ұтып алған жоқ. Өзін көшеде қорғау үшін бала кезінен аралас жекпе-жек түрлерімен айналыса бастаған Грозин "Уральский Гангстер" атанып кеткен екен. Ол RCC, AFC, ACB лигаларында өнер көрсетіп, AMC Fight Nights промоушенінде титулға үміткер болды. 2023 жылы жеңіл салмақта Open FC ұйымының чемпионы атанды. Ал биыл қыркүйекте "Наше Дело" лигасының чемпионы атағын жеңіп алды.

Қазақстандық спортшыға оралсақ, 26 жастағы Мұратбек кәсіпқой ММА-де 11 жекпе-жекте жеңіске жетіп, төрт рет жеңілген екен. Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап ол поп-ММА бағытындағы ұйымдарда сәтті өнер көрсете бастайды. Осылай "Қазақстандық Терминатор" бір айда бес бірдей жекпе-жек өткізеді де, төртеуінде жеңіске жетеді. Тек біреуінде ғана тәжірибелі боксшы әзірбайжандық Эмиль Новрузовқа төрешілер шешімімен есе жібереді. Дегенмен қазақстандық "Терминатор" төрешілер шешімімен келіспеді. Мұратбек Қасымбай кәсіпқой ММА-де де тек төрешілер шешімімен жеңілгенін айта кетейік. Осылайша, ол кәсіпқойда алғаш рет Ресейде өнер көрсетіп жүрген ирандық Мохаммад Хейбатиден AMC Fight Nights 99 турнирінде жеңілген. Ол кезде де төрешілер шешімі дау тудырған еді. Өйткені жекпе-жектен кейін Хейбатидің өзі төрешілер осындай шешім қабылдады деп жеңісін мойындамағандай көрінді. Ал сол кезде сегіз бұрышқа шыққан тәжікстандық файтер Чоршанбе Чоршанбиев (қазіргі таңда отанында темір торда отыр) төрешілер Мұратбектің жеңісін "ұрлап алды" деп ашық айтқан болатын. 


Қазақстандық спортшы ММА-ге студенттік жылдары бастайды, Мұратбекті аралас жекпе-жек залына досы ертіп келіп, осыдан кейін оның ММА-де жолы сәтті болады да осы сайыс түрінен Қазақстан чемпионы атанады, сонымен қоса, ел кубогін де жеңіп алады. 

Ал жалпы Мұртабек ММА-мен қоса панкратион және джиу-джитсудан спорт шебері, ал грэпплингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері екенін атап өткен жөн. 

Бұл кеште Қасымбай - Грозин жекпе-жегінен бөлек тағы жеті жұптың айқасы белгіленген:

Тимурлан Пирматов – Кирилл Черняев

Мурад Халидов – Омар Айдемиров

Федор Колтун – Артур Гусейнов

Хайбула Мусаев – Михаил Гогитидзе

Исрапил Рамазанов – Кирилл Лапшин

Даниял Эльбаев – Николай Савилов

Ильнар Ишимбаев – Ярослав Кук. 


Басқа спорттық жаңалықтар