Футбол

«Тобыл» украиналық футболшымен қоштасты

«Тобыл» украиналық футболшымен қоштасты
"Тобыл" ФК

Украиналық футболшы Евгений Шахов келісімшарт мерзімі біткенінен байланысты «Тобылдан» кетті, деп хабарлайды fctobol.

"33 жастағы жартылай қорғаушы Евгений Шахов келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты «Тобылдан» кетті. Сары-жасылдар құрамында ол барлық турнирде 28 матч өткізіп, 2 гол соқса, тағы 2 голға мүмкіндік жасады.

«Тобылмен» бірге Шахов Қазақстан Кубогі мен Суперкубогін иеленді. Біз Евгенийге команданың жетістігіне қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз және болашақ мансабымызға сәттілік тілейміз", - делінген хабарламада. 


Басқа спорттық жаңалықтар