Дзюдо

Қазақстандық кәсіпкер Әбибә Әбужақыноваға стпендия төлемекші

Қазақстандық кәсіпкер Әбибә Әбужақыноваға стпендия төлемекші
Olympic.kz

Танымал кәсіпкер, меценат Дулат Тастекей Олимпиадада жүлде ала алмай қалған Абиба Әбужақыноваға стипендия бермек.

"Токио олимпиадасында қола жүлде алған Елдос бауырымыз сол жылы көпшіліктің шешімімен стипендия иегері атанған еді. Биыл бұл стипендияны Париж олимпиадасында жанкештілік көрсеткен Әбиба қарындасымыз алса, қалай қарайсыздар?" - деді ол.

Айта кетейік, Абиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта Париж Олимпиадасының қола жүлдесіне қол жеткізе алмады. Отандасымыз үшінші орын үшін өткен белдесуде швед қызы Тара Бабулфазға жол берді.

Еске салайық, бұған дейін Парламенті Мәжілісінің депутаты, Республика партиясының төрағасы Айдарбек Хожаназаров та Олимпиадада жеңіліс тапқан Абиба Әбужақыноваға сыйақы беретінін айтты.

Басқа спорттық жаңалықтар