2024 Париж Олимпиадасы

Милад Карими Олимпиада жүлдесіне іліге алмады

Милад Карими Олимпиада жүлдесіне іліге алмады
Сурет: Сали Сабиров

Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы финалдық кезеңде Милад Карими 76.065 ұпай жинап, 24-орынға тұрақтады.

Шығыршық – 12.933 балл

Тіреніп секіру – 14.400 балл

Қос сырық – 14.066 балл

Керме – 12.700 балл

Еркін жаттығу – 13.433 балл

Ат снаряды – 8.533 балл

Милад бірнеше күн бұрын көпсайыстан іріктеуде 82.065 ұпаймен (18-орын) ақтық сынға шыққан.

Айта кетейік, жекелеген сындағы көпсайыстың финалында 24 гимнаст сынға түсті.

Бұл сайыста алтын Синносукэ Оканың (Жапония) еншісінде кетті. Күміс Джан Боен (Қытай), қола Сяо Жотенге (Қытай) бұйырды.

Басқа спорттық жаңалықтар