Теннис

Олимпиададан бас тартқан Рыбакина қазақстандықтарға үндеу жасады

Олимпиададан бас тартқан Рыбакина қазақстандықтарға үндеу жасады
Sports.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина бүгін, 31 шілдеде қазақстандық жанкүйерлерге тағы да үндеу жасады.

Теннисшінің видеоүндеуін Қазақстан теннис федерациясы өз парақшасында жариялады.

"Құрметті жанкүйерлер, Отандастарым! Сіздерге Париждегі Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсете алмағаныма өзімнің қаншалықты ренжігенімді және өкінетінімді айтып хабарлаймын.

Мен командамен бірге белсенді дайындалдып, өкінішке қарай, дәл жарыс басталар алдында сырқап қалдым. Дене қызуым қатты көтеріліп, тыныс алуым да қиын болды, дәрігерлер маған кортқа шығуға қатаң тыйым салды. Барлық қазақстандық жанкүйерлерден үміттеріңізді ақтамағаным үшін кешірім сұрағым келеді. Бұл жағдай жүрегіме өте қатты тиді, өйткені мен өз командаммен осы Олимпиада ойындарында жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін көп жұмыс жасағанмын және жүлде жеңгім келді.

Токиода өткен Олимпиадада мен медаль алуға өте жақын болдым және жүлде алу менің үлкен мақсатым болып қала берді. Мен жақын арада кортқа шыға аламын деп үміттенемін. Барлық отандасыма алғысымды жеткізгім келеді, өйткені әлемнің қай түкпірінде ойнасам да сіздер маған әрқашан айтарлықтай қолдау көрсетесіздер. Стадиондарда көк байрағымызды көріп әрқашан қуанамын. Көп рақмет және кортқа жақын арада ораламын деп үміттенемін", - деді теннисші.


Басқа спорттық жаңалықтар