Қазақстан футбол Премьер-лигасы

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы «Тобылға» ауысады

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы «Тобылға» ауысады

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Зуев қысқы маусымаралық кезеңде қостанайлық «Тобыл» футбол клубының ойыншысы болады.

Дереккөздің хабарлауынша, спортшы командаға жаңа маусым басталмас бұрын қысқы оқу-жаттығу жиынында қосылады.

Айта кетейік, осы жазда Зуев «Тобылмен» алдын ала байланысқа шыққанымен, клуб ойыншыны алып үлгермеді.

Футболшы ұлттық құрама сапындағы дебютін биылғы жылдың қарашасында Сан-Мариноға қарсы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу матчында өткізді.


Дереккөз: prosports.kz

Басқа спорттық жаңалықтар