Қазақстан футбол Премьер-лигасы

«Ертіс» клубы қайта құрылады

«Ертіс» клубы қайта құрылады

«Ертіс» клубы қайта құрылып, Қазақстан чемпионатына оралады.

Басынан дау арылмаған павлодарлық клубтың басшылығына жаңа мамандар келді. Олар қазір Қазақстан футбол федерациясымен келіссөз жүргізіп жатыр. Оның негізінде «Ертіс» 2024 жылы ішкі біріншілікке қайтадан араласа бастайды және екінші лигада емес, бірінші лигада өнер көрсетеді.

Бұған қоса клуб басшылығы «Ертістің» бұрынғы ойыншыларымен және бапкерлерімен де қарыздарды қысқарту бойынша диалогты бастады. Басқа да төлмендердің мәселесі егжей-тегжейлі талқыланып жатыр, делінген хабарламада.


Дереккөз: meta-ratings.kz

Басқа спорттық жаңалықтар