2024 Париж Олимпиадасы

Стенд атудан қазақстандық Дмитриенко финалдық кезеңге өте аламады

Стенд атудан қазақстандық Дмитриенко финалдық кезеңге өте аламады
ҚР ҰОК/Сали Сабиров

Стенд атудан Париж Олимпиадасында бақ сынап жатқан Мария Дмитриенко финалдан сырт қалды, деп жазады Olympic.kz.

"Трап" бағдарламасы бойынша іріктеудің алғашқы күнінде Дмитриенко төртінші орыннан көрінген болатын. Алайда, екінші іріктеу кезеңінде отандасымыз бұл басымдықты ұстап тұра алмады. Ол 120 ұпаймен оныншы сатыға орналасты.

Ал финалдық кезеңге іріктеу қорытындысы бойынша алғашқы алтылыққа енген мергендер жолдама алды. Аралық нәтиже бойынша, испаниялық Мар Мольне 123 ұпаймен көш бастап тұр.

Басқа спорттық жаңалықтар