Еркін күрес

Белгілі балуан Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті атанды

Белгілі балуан Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті атанды

Еркін күрестен Азия чемпионы, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Нұржан Қатаев Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті болып сайланды.

Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясының қорытынды конференциясында белгілі болды.

Нұржан Қатаев еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Бүгінге дейін спорт саласында елеулі еңбек еткен.

Сондай-ақ, Атырау облыстық күрес федерациясын басқарған Асқар Құлов та вице-президенттікке сайланды.

Танымал мамандар еліміздегі күрестің дамуына ықпал ету үшін бірлесіп қызмет етуге кіріспекші.


Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар